Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында "Қазақмыс" корпорациясының аумағында ("Жезказганцветмет" ӨБ) №65 шахтада 12 қазанда сағат 23.00-де алдын-ала ақпаратқа сәйкес жоғарыға көтерілу барысында 6 адам клеткадан құлап, 190 метр тереңдікке шахтаның өзегіне түсіп кеткен.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына ҚР ТЖМ "Кен" АӘҚҚ РМК 12 құтқарушысы жұмылдырылды. Жер бетіне қаза тапқан бес кеншінің мәйіті шығарылды. Бір кеншіні іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.