Спортшы ару жағалаудағы демалыс орнынан фото-видео жүктеп "Жақсы қарсы алғандарыңыз үшін рақмет" деген жазба қалдырған. Мальдив аралдарына саяхаттауға әркімнің қолы жете бермейтіні белгілі. Сол жердегі шығындарды есептемегенде туристік компанияның өзіне кемінде миллионға жуық теңгеңізді төлейсіз. Мұндай қымбат демалысқа спортшының оқырмандары әр түрлі пікірлерін білдіріп жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Желі қолданушыларының бірінің сөзі Сабинаның ашуна тиіп кеткен сынды. "Сәтті тұрмысқа шықсаң бәрі керемет болады" деп жазған оқырманына "Сіз үшін сәтті деген сөздің мағынасы не? Кейбір ер азаматтар әйел де сәтті тұрмысқа шықпай-ақ жетістіктерге жете алатынын мойындамайтын сияқты", - деген жауабын берген.
Айта өтейік, спортшы жуырда ғана неке қию сәтін көпшілікке көрсетіп, тұрмыс құрғанын жариялаған. Сабина Алтынбекованың күйеуі Саят Тостықбаевтың нақты немен айналысатыны туралы әзірге ақпарат аз. Дегенімен, оның қазақстандық "Круиз" кинокомедиясы продюсерлерінің қатарында болғаны белгілі. Өткен жылы кәсіпкер Бейбіт Әлібековтің спорттық киім желісін таныстыру кезінде қонақтардың арасында болды.