Сәттібаев, Жайлауов, Сүлейменов - ширек финалда

Шаршы алаң төріне 52, 60, 69, 81 және + 91 келі салмақ дәрежелерінің боксшылары шығып, ширек финалға берілер соңғы жолдамаларды сарапқа салды,деп хабарлайды «АЛАМАН» ұлттық спорт порталы.

Өткен күндермен салыстырғанда жексенбіде ешқандай күтпеген көрсеткіштер тіркелген жоқ, . Айта кетер оқиға деп 69 келіде өнер көрсетіп жатқан Данияр Елеусіновтің өз қарсыласы қарағандылық Берікбай Нұрымбетовті екі раундтың қорытындысы бойынша ұтып тұрып, үшінші раундта күтпеген жерден нокдаунға түсіп қалғандығын айтуға болады. Бірақ та Данияр кездесуді соңына дейін жеткізіп, қиын болса да жеңіске жетті. Даниярдан басқа ұлттық құраманың мүшелері Ильяс Сүлейменов, Олжас Сәттібаев, Ғани Жайлауов, Манат Өмірзақов, Алмат Серимов, Арман Рысбек, Қамшыбек Қоңқабаевтар да оңай жеңіске жетті.

Дүйсенбі, 26 қарашадан бастап ширек финалдық кездесулер басталады. Ал финал 29 қараша күні өтеді.

52 келі

Сәттібаев Олжас (Жамбыл) - Инаятуллаев Бақтықожа (Ақтөбе), есеп 3:0 (30:27, 30:27, 29:28)

Махметов Азат (Астана) - Байжанов Әнуар (Алматы), есеп 2:1 (29:28, 29:28, 28:29)

Қасым Қайлан (Қостанай) - Таныберді Аян (ШҚО), есеп 0:3 (27:30, 28:29, 28:29)

Бибосынов Тастемір (Динамо) - Жүсіпов Нұрғазы (ОҚО), Н.Жүсіпов 2 раундта техникалық нокаутпен жеңді

Сүлейменов Ильяс (Астана) - Төребекұлы Қайрат (Ақтөбе), есеп 3:0 (30:26, 30:26, 30:25)

Абдраимов Ермек (Жамбыл) - Тамемов Ерлан (Павлодар), есеп 3:0 (29:28, 29:28, 30:27)

Басапа Әлібек (Қызылорда) - Елжанов Айдын (Астана), есеп 1:2 (29:28, 28:29, 28:29)

Амангелді Әділхан (Қарағанды) - Жансарбай Азамат (ШҚО), есеп 2:1 (28:29, 29:28, 30:27)

60 келі

Абдрахманов Берік (Маңғыстау) - Амантаев Бекжан (ШҚО), есеп 3:0 (30:27, 30:27, 30:27)

Нұрғалиев Абдулла (Қарағанды) - Уайдаев Бағдат (Қызылорда), есеп 3:0 (30:27, 29:28, 29:28)

Құсайынов Абылайхан (ОҚО) - Шваб Николай (Қостанай), есеп 0:3 (27:29, 27:29, 27:29)

Момынов Жандос (Ақмола) - Сәттібеков Айдос (Жамбыл), есеп 3:0 (29:28, 29:28, 30:27)

Жұмсақбаев Дархан (Астана) - Сафиуллин Закир (ОҚО), есеп 1:2 (26:30, 29:27, 27:29)

Сойлыбаев Бекман (ЦСКА) - Ильясов Жақсылық (ШҚО), есеп 3:0 (30:26, 30:26, 28:28)

Мұқанов Аслан (Қостанай) - Дүйсенбаев Еркін (Қызылорда), есеп 3:0 (29:28, 29:28, 30:27)

Щегринов Роман (Алматы) - Жайлауов Ғани (Жамбыл), есеп 0:3 (27:30, 27:30, 28:29)

69 келі

Қожабеков Бақытжан (Астана) - Бердібеков Шыңғыс (ЦСКА), есеп 3:0 (30:27, 30:27, 30:27)

Жыңғылбаев Айдос (Алматы обл) - Маралов Қанағат (ШҚО), есеп 0:3 (28:29, 28:29, 28:29)

Әлиев Әсет (ОҚО) - Райымқұлов Темірлан (ЦСКА), есеп 3:0 (29:28, 29:28, 29:28)

Нұрсұлтанов Мейірім (Астана) - Қапаров Жасылан (Атырау), есеп 3:0 (30:27, 30:27, 30:27)

Өмірзақов Манат (ШҚО) - Жаңабаев Нұрсұлтан (ШҚО), есеп 3:0 (30:25, 30:25, 30:25)

Бердукаев Сулейман (Маңғыстау) - Жүсіп Қуандық (Қызылорда), кездесу 2 раундта Қ.Жүсіптің бапкерлерінің жалғастырудан бас тартуымен аяқталды

Шаймердинов Рустам (Қарағанды) - Әшкеев Мадьяр (Алматы), есеп 0:3 (27:30, 27:30, 27:30)

Нұрымбетов Берікбай (Қарағанды) - Елеусінов Данияр (Астана), есеп 0:3 (26:30, 27:29, 27:29)

81 келі

Рысбек Арман (Алматы обл) - Галямов Руслан (Қарағанды), есеп 3:0 (30:27, 30:27, 30:27)

Құсайынов Сәкен (Динамо) - Ескелов Қанат (Алматы), есеп 1:2 (28:26, 27:28, 26:28)

Елеусінов Дәурен (Астана) - Данаев Сұлтанбек (Жамбыл), Д.Елеусінов 2 раундта техникалық нокаутпен жеңді

Нұрматов Әліби (Алматы) - Аббасов Рафаэль (Ақтөбе), есеп 3:0 (29:25, 29:25, 28:26)

Құсайынов Шаймұрат (Павлодар) - Құралбаев Мұрат (Жамбыл), есеп 3:0 (29:28, 29:27, 29:27)

Түгелбаев Рақымжан (Маңғыстау) - Серимов Алмат (Қарағанды), кездесу 1 раундта Р.Түгелбаевтың бапкерлері кездесуді жалғастырудан бас тартты

+ 91 келі

Қоңқабаев Қамшыбек (Қызылорда) - Тасыбаев Дінмұхамед (Павлодар), Қ.Қоңқабаев 3 раундта аса басымдылықпен жеңді

Әлжанов Рахман (Маңғыстау) - Егембердиев Евгений (Жамбыл), есеп 3:0 (29:28, 29:28, 29:28).