Сатып алу-сату: тегін жарнама сайттарында алаяқтарға тап болмаудың жолдары

Алайда, кейде мәміле жасағанда, алаяқтарға тап болуыңыз ықтимал. Оларды қалай тануға болады? Ақшаны жоғалтып алмау үшін не істеу керек? Түсіндіріп өтейік, деп жазды Caravan.kz медиа порталы Stopfake.kz-ға сілтеме жасап.

Сатып алу немесе сату кезінде сатушы да, сатып алушы да алаяқ болып шығуы мүмкін. Бұл ретте алдау схемалары әртүрлі болады. Оларды егжей-тегжейлі талдап шығайық.

Егер алаяқ сатып алушы болса

Қалай тануға болады?

Әдетте, мұндай сатып алушылар сіздің өніміңізді сатып алуға тез келіседі, тіпті оның күйін, нақты сипаттамаларын және басқа да қасиеттерін нақтыламайды. Көп жағдайда бұл адам өнімді сатып алуға асығады және сатушының тез әрекет етуін талап етеді.

Ол қалай әрекет етеді?

Желіде келесідей алаяқтық схемалардың сипаттамалары бар. Сатып алушы тауар үшін төлемді аударғанын хабарлайды. Бірақ аударылған ақшаны алу үшін сатушы белгілі бір сілтеме бойынша өтуі керек. Одан әрі ол төлемді алу үшін банк картасының деректерін енгізетін сайтқа кіреді. Шын мәнінде, бұл фишингтік платформа, оған алаяқтар да кіре алады. Олар пайдаланушы жолдарға жазған барлық деректерді көріп отырады: карта нөмірін, оның мерзімін және CVC кодын. Бұл қаскүнемдерге жәбірленушінің шоттарына қол жеткізуге және оның ақшасын өз қалауы бойынша басқаруға мүмкіндік береді.

Егер алаяқ сатушы болса

Қалай тануға болады?

Мұндай сатушылар да мәміле жасауға асығып, әлеуетті сатып алушыларды тез шешім қабылдауға итермелейді. Осылайша, оған жағдайды дұрыс бағалауға және әңгімелесушімен мінез-құлқындағы «күмәнді» белгілерді байқауға уақыт бермейді.

Ол қалай әрекет етеді?

Өтірік сатушылар сатып алушы әлі алмаған зат үшін алдын ала төлем сұрауы мүмкін. Олар бұл өтініштерін затты сатып алғысы келетіндер көп деп түсіндіреді. Ал алдын ала төлем сатып алушыға тауарды нақты ала алатынына кепілдік береді. Бұл ретте алдын ала төлемді көбінесе анонимді төлем жүйелері арқылы жасау ұсынылады, мысалы, Western Union.

Сондай-ақ сатушылар әлеуетті сатып алушыға жіберілген сілтеме арқылы өтіп, тауар ақысын төлеуді сұрауы мүмкін. Бұл сілтеме қорғалмаған фишингтік сайтқа апарады. Демек, пайдаланушы платформада жазып қалдырған карта деректерін алаяқ та көреді. Сондықтан ол ақшаны өз мақсатында пайдалана алады.

Жалпы қауіпсіздік ережелері

Сонымен, жарнамалық сайтта өнімді сату немесе сатып алу кезінде өзіңізді қорғау үшін келесі ережелерді сақтау қажет:

  1. Қолыңызға алмаған зат үшін белгісіз сатушыға анонимді төлем жүйелері арқылы алдын ала төлемді жібермеңіз.
  2. Карта деректерін бөгде ресурстардағы нысандарға жазбаңыз.
  3. Сатушыға да, сатып алушыға да картаңыздың CVC кодын хабарламаңыз. Ол ақша аудару үшін мүлдем қажет емес.
  4. Жіберілген төлемді «алу» үшін күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіз. Сатып алушыдан ақшаны тікелей картаңызға аударуын немесе кездескен кезде қолма қол ақшамен төлеуін талап етіңіз.
  5. Мобильді банктік қосымшаларда онлайн-сатып алу сомасын шектеуге болады. Мұндай шара, біріншіден, Сізді ойламай тауар сатып алудан қорғайды. Екіншіден, алаяқтарға, олар жек едеректеріңізді иемденген жағдайда, қаражатыңыздың қомақты мөлшерін иемденуге жол бермейді.

Енді сіз тегін жарнамалық сайттарда алаяқтарды қалай тануға болатынын және ең бастысы, олардың айла-амалдарына түспеу жолдарын білесіз.

Саудаңыз сәтті өтсін!