"Сау жүргізуші" клиентінің көлігін соғып алды

Жол апаты таңға жуық сағат 4 шамасында болды, деп хабарлайды Zakon.kz. Toyota Prado Райымбек даңғылымен батысқа қарай жүріп бара жатқан екен. Содан Тілендиев көшесіне жете бергенде, жол жиегіне шығып кетіп, талға барып соғылған. Неге бұлай болғаны әзірге белгісіз. 

Автоколік иесі апат болардың алдында жолаушы орындығында ұйықтап келе жатқан. Ал джиптің тізгінінде "сау жүргізуші" қызметін көрсететін ер адам отырған. Машинаның иесі соққыдан шошып ояныпты.


Құдай сақтап, жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ.