Сауд Арабияда ерлер шетелде өз әйелдерінің жүріс-тұрысын ендігәрі аңди алмайтын болды

SMS-хабарлама жіберетін бағдарламаны тоқтатты, деп бүгін "Аль-Ахрам" газеті мәлімдеді.

«Бағдарлама түзетіледі», - деп Сауд Арабиясының төлқұжат тексеру өкілі Ахмад аль-Лахедан журналистерге мәлімдеді.

Хабар тарату бағдарламасы өзгертілгеннен кейін ер адамдар әйелдерінің қайда жүргені туралы мәліметті өздері сұрату жібергенде ғана алатын болады.

Сауд Арабиясында әйелдер әкесі, күйеуі, ағасы немесе ұлы қол қойған «сары билетпен» ғана шетелге бара алады.