Сауд Арабиясы ерлер арасындағы Олимпиада ойындарын өткізуге ұсыныс білдірді

Сауд Арабиясы Олимпиада ойындарын өткізу туралы өтінімін Бахрейнмен келісіп, бірге бермек. Ал бұл ел өздерінде тек әйелдерге арналған сайыстарды  ұйымдастыруды көздеп отыр.

Халықаралық олимпиада  комитетінің президенті Томас Бахтың жыныстық кемсітушілікке жол бермейтін қағидаға байланысты мұндай өтінімді қабылдау мүмкін еместігін айтқаны хабарланды.

2012 жылға дейін Сауд Арабиясы тарапынан Олимпиадаларға тек ер адамдар ғана қатысқан, себебі бұл елдің  заңы бойынша әйелдерге тыйым салынған. 2012 жылғы Лондондағы Олимпиаданың алдында  ХОК мемлекетке қысым жасады. Нәтижесінде тарихта алғаш рет Сауд Арабиясынан екі әйел Ойындарға қатысты: Олар: жеңіл зілтемірші Сара Аттар мен дзюдошы Воджан Шахрхани.