Сауд Арабиясы Йеменде әскери операцияны бастады

Коалиция "президент Хадидің  Йемен мен оның халқын хусит содырларынан қорғауға шақырған үндеуіне жауап бермек" деген Сауд Арабиясы, БАӘ, Кувейт, Бахрейн және Катар елдерінің мәлімдемесіндегі сөздерді Франс-пресс агенттігі келтірді.

Сауд  Арабия елшісінің сөзіне қарағанда, одақтастар әуеден соққы жасаған.


Ол, сондай-ақ, коалиция құрамында 10 ел бар екенін атап өтті.