Сауд Арабиясы Йемендегі әскери операцияға 100 әскери ұшақ жұмылдыруға дайын – БАҚ


Бұл туралы бейсенбі күні жергілікті телеарна хабарлды.
Сауд Арабиясының АҚШ-тағы елшісі Әдел әл-Джубей Арабия әуе күштерінің хуситтерге соққы беруді бастағанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, хуситтерге қарсы операция халықаралық сипатқа ие және оған Парсы шығанағындағы елдер қатысады.
«Йеменді хуситтерден азат ету операциясына коалицияға енген он мемлекет қатысады», - деді дипломат.