Сауд Арабиясы Корольдігі Қазақстанның үш азаматын тұтқындады


Жексенбі күні бірқатар қазақстандық БАҚ араб медиасына сілтеме жасай отырып, Сауд Арабиясы қауіпсіздік органдары террорлық ұйымға қосылуға әрекеттенді деген күдікпен Қазақстанның бес азаматы ұсталғанын хабарлаған болатын. 
Сауд Арабиясының күш құрылымдары қазіргі уақытта үш қазақстандыққа қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтты. Олар жергілікті ЖОО студенттері болып шықты. Бұл ретте олардың террорлық актіге қосылмақ болғандығы тергелуде.