Сауд Арабиясы қажылық квотасын ұлғайтады

Айта кетсек, 2016 жылғы қажылық көрсеткіші соңғы 10 жыл ішіндегі ең төменгі рекордтық дәрежеде тіркелген болатын. Сауд патшасы Салман бин Әбдел Әзиз әл-Сауд Мекке қаласына келетін қажылар санын көбейтуге келісім берді.

Қазіргі уақытта корольдікте құлшылық территорияларындағы қайта жасақтау жұмыстарына байланысты шетел қажылары квотасының 20%-ы, жергілікті қажыларға арналған квотаның 50%-ы қысқартылған. Өткен жылы Меккеге 1 325 372 шетел азаматы және 537 жергілікті тұрғын, жалпы саны 1 862 909 мұсылман қажылық өтеген. Бұл соңғы он жылдағы ең төмен көрсеткішке ие.

Енді қажылар саны уақыт өте ұлғайтылатын болады: осылайша қажылық көрсеткіші соңғы бес жылдағы ең жоғары максимумды көздейді және жыл сайын 3 миллионнан аса адамды қабылдауды жоспарлайды.