Сауд Арабиясында әйелдерге қоғамдық орындарда абайя кимеуге рұқсат етілді, деп мәлімдеді Абдулла Әл-Мутлак "Әл-Жазира"-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы Sputnik хабарлайды.
"Мұсылман әйелдерінің 90%-ы абайя кимейді, бізде оларды бұған мәжбүрлемеуіміз керек", — деп мәлімдеді ол телеарна арқылы сөйлеген сөзінде.
Шейх Абдулла Аль-Мутлак Сауд Арабиясындағы жоғары діни органның мүшесі. Айта кетейік, мұндай мәлімдеме жоғары лауазымды дін өкілінің тарапынан алғаш рет жасалып отыр.
Абайя – әйел адамның басынан аяғына дейін жауып тұратын, кең қара көйлек.