Сауд Арабиясында әскери ұшақ апатқа ұшырады

«Король Фейсал атындағы Әскери-әуе академиясының оқу-жаттығу ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ жарылып, оның салдарынан нұсқаушы мен ұшқыш-курсант көз жұмды», - делінген министрлік хабарламасында.

Осы хабарламаны әзірлегенге дейін ұшақ түрі мен апат себептері жайлы деректер түспеді, деп хабарлады РБК.

21 сәуірде Эр-Рияд Йеменде коалиция Сауд Арабиясының басшылығымен жүргізген «РШешуші шабуыл» әскери операциясының аяқталғанын хабарлаған. Операция Йеменде бүлікшілердің нысанына авиасоққылар жасауды қамтыды.

Бұдан басқа, Сауд Арабия билігі коалицияның жаңа операцияға кірісіп жатқанын хабарлады. Ол Йемендегі қақтығысты саяси жолмен шешуге, қауіпсіздік пен терроризммен күреске бағытталған. Оның негізгі міндеттері Йеменді қалпына келтіріп, хусит-көтерілісшілерді бейтараптандыру болмақ.