Сауд Арабиясында есірткі саудасымен айналысқан төрт қылмыскердің басы кесілді

  Бұл туралы дүйсенбі күні осы елдің ІІМ мәлімдеді.

Ағайынды Хади мен Авад әл-Мотлек және олардың қос сыбайласы корольдік шекарасы арқылы аса қомақты көлемде есірткі алып өтпек болған. Саудияның оңтүстік-батысындағы Наджран қаласында олардың басы қылышпен кесілді.

Жыл басынан бері Сауд Арабиясында отыздан астам қылмыскер өлтірілген.