Сауд Арабиясында король сарайына шабуыл жасалды

Әлем жаңалықтары Сауд Арабиясы шабуыл Әбдел Әзиз әлСауд Сауд Арабиясында белгісіз біреулер король Салман бен Әбдел Әзиз әл-Саудтың Джиддадағы сарайына шабуыл жасады, деп хабарлады 24.кз

Қастандық кезінде бір қаскөйдің көзі жойылып, екі күзетші қаза тапты. Әзірге король сарайын қанша адамның шабуылдағаны және олардың ұсталған-ұсталмағаны белгісіз. Жергілікті билік ешқандай ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Ал куәгерлердің айтуынша, олар көлікпен келіп оқ жаудырған. Бірақ оқиғаға қатысты ешқандай лаңкестік топ тіс жармады. Корольдің өзі ресми сапармен Ресейде жүр.