Сауд Арабиясының королі бірнеше министрді ауыстырды


Осылайша, ханзада Сауд ибн Фейсал сыртқы істер министрі лауазымынан кетті. Ол бұл министрлікті соңғы 40 жыл басқарған. Оның орнын Вашингтонда бұрын елші болған Адель әл-Джубейр басты, деп хабарлады Би-би-си.
Корольдің кіші інісі кронпринц лауазымынан айырылды. Бұл орын жиені Салман Мухаммед ибн Наифқа бұйырды. Король қаза тапқан жағдайда кронпринц таққа үміткер бола алады.
Монархтың ұлы екінші мұрагер ханзада титулын иеленді, сонымен қатар ол ішкі істер министрлігін басқаратын болды. 
Король Салман билікке осы жылдың қаңтарында король Абдалла көз жұмған соң келген.