Пан Ги Мунның айтуынша, монарх мұнайдың қазіргі бағасы алыпсатарлыққа байланысты факторлардан барынша шарықтап тұрғанын мойындай келе, оны төмендетуге септігін тигізуге дайын екенін, осы проблеманы шешуге атсалысуға әзір екенін айтқан.
"Король келесі аптада негізгі мұнай сатушылары мен тұтынушыларының басын қосып, бағаның күрт қосылуына байланысты ахуалды басқару жолдарын талқылау үшін халықаралық кездесу өткізуге ниет білдергені үшін ризамын", -деп мәлімдеді Пан Ги Мун.
Король Абдалла Ибн Абдель Азиз БҰҰ бас хатшысына Сауд Арабиясының келесі айдан бастап мұнай өндіру көлемін күніне 200 мың баррельге ұлғайту ниетін де жеткізген.
Ал мамырдың аяғында Сауд Арабиясы Бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасына $500 млн бөлуге дайын екенін мәлімдеген болатын.