Синоптиктердің болжамына сүйенсек, алғашқы онкүндікте ауа температурасы түнде 3 - 8 градус жылылықтан -2 - +3 дейін төмендейді, ал күндіз 20 - 25 градустан 5 - 10 градусқа дейін болады деп болжанып отыр. Онкүндік соңында күн жылиды.
Гидрометеорологиялық орталық хабарлағандай, екінші онкүндікте түнгі ауа температурасы 8 - 13 градус, ал күндіз 23 - 28 градусқа дейін жоғарылайды деп күтіліп отыр. Онкүндік соңында күн салқындайды.
Үшінші онкүндікте синоптиктер ауа температурасының түнде 0 - 5-тен 7 - 12 градусқа дейін, күндіз 12 - 17-ден 21 - 26 градус аралығында ауытқитынын болжап отыр.
Гидрометеорологиялық орталық мәліметтеріне сүйенсек, жауын-шашын мөлшері қалыптағыдан аз болады деп күтіліп отыр (қалыпты норма - 109 мм). Жауын-шашын бірінші онкүндікте жиі, екіншісі мен үшіншісінің соңында жауады деп болжануда.
Синоптиктердің хабарламасына сүйенсек, тұман бірінші онкүндік соңы мен үшінші онкүндік ортасында болуы мүмкін. Сонымен қатар, бірінші және үшінші апта ортасы мен екінші апта соңында батыс бағыттағы жел секундына 5 -10 метрге дейін күшейеді.