"Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев сәуір айында Қазақстанға келеді. Сапар аясында екі жақты ынтымақтастықтың бірқатар өзекті проблемаларын талқылау межеленген", -деді елші.
Атап айтсақ, шекаралық және экономикалық ынтымақтастық, Орталық Азия республикаларының одағын құру мәселелері сарапқа салынады, деді елші.
Оның айтуынша, тараптар бұған қоса біріккен экономикалық қор құру жайын да талқыламақшы. "Біз экономикалық қор құру жайлы бұдан бұрын мәмілеге келгенбіз және бүгін Қырғызстан президентінің сапарына дейін осы мәселені шешу жөніндегі ұстаным ортаға салынды", - деді Ж. Рустанбеков.
"Өз басым елші ретінде екі елдің ынтымақтастығын тереңдете түсуге күш салатын боламын", - деді ол.