Сауль Альварес Амир Ханды алтыншы раундта нокаутқа жіберді


Шиеленіскен, аса тартысты өткен  айқастың алтыншы раундында Алварес оң жақтан ауыр соққы жасап, Ханды нокаутқа жіберді.

Бір тең ойын, бір жеңіліспен 47-ші жеңісіне (33-ші нокаут)  қол жеткізген Альварес WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулын қорғап шықты.  Хан кәсіби рингтегі 35 ойынындағы 4-ші жеңіліске ұшырады, деп жазады vesti.kz.