Сауль Альварес: «Головкин Эрисланди Ларадан қашып жүр»

«154 фунтта жұдырықтасатын Эрисланди Лара бар. Ол – керемет боксшы. Эрисланди Лара Головкинді үнемі жекпе-жекке шақырады, бірақ Геннадий онымен кездесуден қашып жүр», - деді мексикалық боксшы BoxingScene сайтына.

Естеріңізге сала кетсек, Альварес 2014-ші жылы Лараны ұпай шешімімен ұтқан болатын.