Сауль «Канело» Альварес мәлімдеме жасады

Бокс жекпе-жегі 6 қараша күні Лас-Вегас қаласында өтеді. «Канело» жекпе-жек туралы әлеуметтік желі арқылы ресми хабарлады.

«6 қарашада біз мексикалық боксты шыңға шығарамыз! Жетпей тұрған белбеуді иеленуге бел будым!», - деп жазды мексикалық.

Айта кетейік, «Канело» Калеб Плантты жеңген жағдайда супер орта салмақта (168 фунт) абcолют чемпион атанады.