Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Әншілер туралы ақпарат қарамағалы қырық жыл болып еді... тіпті, әлемжелілерде алдымнан шыға келгендерін блоктай салатынмын... екі-үшеуінен басқасын...
Жаңа үш-төртеуіне 10 секундтан уақыт бөліп, көз тоқтатып қарай салсам... ужыыыс... пластикалық ота жасатамын, жасарамын деп, байғұстардың түрлері не боп кеткен??..((
Қатын-қалаштарды қоя берші... Анау еркектерге не жоқ? Әлде еркек болудан қалып, олар да қатынға айналып кеткен бе?..((
Табиғат орнында болмаса, қасірет екен-ау...
"Комплекс неполноценности" - "кемтарлық комплексі" дей ме ондайды? Өзіңді бар қалпыңмен қабылдағанға не жетсін?!", - деп жазды журналист.