Сәуле Әбілдаханқызы Арман Шораев туралы: "Мені сотқа сүйреп, 20 млн теңге талап етіп, қанша шырылдатып еді, дүние кезек"

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Өткенде интернетім болмай, ФБға кіре алмай қалған едім. арман шораевты антикор тұтқындаған дей ме?

Еее, заман-ай...

Таба емес, тоба деймін...

2019-20 жылы мені сотқа сүйреп, 20 млн теңге талап етіп, қанша шырылдатып еді... дүние-кезек...

Өмірі қазақша жазбайтын, қазақтілділерді "мәмбет" деп менсінбейтін, ішінде дәу қаралрыс отырған арман басына іс түскенде қазақша пост жазып, қазақтардан көмек сұрап, шыр-пыр болыпты... Орыстілді ортаңнан көмек сұрасай, көмектеседі ғой...

Ақ болсаң, ақталып шығуыңа тілектеспін...


Қара болсаң, қылмысың болса, ел қаржысын миллиардтап жеген болсаң, заң бар, сот бар, солардың алдында жауап берерсің...

Өткен-кеткен еске түсіп, шораевпен "соғысып" (соттасып) жүрген кезде жазған посттарымды бір шолып шықтым... нақақ күйдіргендердің қылығы есіме түсіп, бір жылап алдым", - деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.