Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы журналистің желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Мені "хайпажор, этикадан жұрдай, мәдениетсіз" дейтін ұрыбоқ жопализдерге айтарым - мен хайп қусам, әр күнімнен, әр сағатымнан хайп жасап, күніне бес тікелей эфир, он историс, жиырма пост салар едім. Ол мен үшін түк қиын емес... тем более, менің жүрген жерімде хайп жасауға тұратын жақсылы-жаманды, позитив те, негатив те оқиғалар толып жатыр....
Сонау 1991 жылы "Қазақ аруы" байқауынан 2 орын және "Ең парасатты қыз" номинациясын алғанымнан бастап, "Қыз сынынан" кейін Өзбекәлі Жәнібековтің, Дәркембай Шоқпарұлының, Қайрат Байбосыновтың ақ тілегін естігенімнен бастап, небір ақындардың өзіме арнаған өлеңдері мен композиторлардың әндерін тізіп, небір журналист, жазушы ағаларымның өзіме арнаған мақтау сөздерін, алған Алғыс хат, Грамота, диплом, сертификаттарымды салып, хайповать етіп отырмаймын ба?..
Соңғы кездері естіген мақтау сөздердің екеуін ғана айта салайын: жарты жыл бұрын ғана мықты журналист, публицист, ақын Сәкен Сыбанбай құрдас-ағам: "Сәуле, сен Қазақстандағы нөмірі бірінші журналиссің!.." деді. Гауһар Әлімбекова куә. Уот тәк!!!..
Ал өзіме бірнеше ән арнаған Түкемсал жақында ғана: "Сен бір жұмысты істесең, бар жаныңды салып істейсің. Адал істейсің. Адамдарға шексіз сенесің. Аңғалсың. Адалсың. Өзіңді өзгелерге арнап жүріп, түгің қалмады. Өзіңді күтсеңші... Енді өзің үшін өмір сүр!.." деді... Уот тәк!!!...
Такышто, өздерінің бетін жасырып отырып, к...ті ашылып қалатын ұрыжалақтар, өздерінің аузы бықсып менің парақшама құсып кететін ұрыбоқтар - мен, бар болғаны, сендерге "какой привет - такой ответ" қана жасаймын. Өздігімнен ешкімнің парақшасына барып құсып-т...шпаймын. Өздігімнен ешкімге соқтықпаймын. Ешкімде шаруам жоқ. Ал жүз маска киіп, фейк болып, жүз жүзді ібіліс боп кеп соқтығасыңдар ма - аямаймын. Өзі мәдениетсізге - он есе мәдениетсізбін. Өзі мәдениеттіге - жүз есе мәдениеттімін. Такышто, менен аулақ жүріңдер. Сендермен серемонится етіп отыруға уақытым да, құлқым да жоқ. Аулақ жүріңдер!
Сендер секілді өтірік маска киіп, өтірік мәдениетті болып, адамның бетіне өтірік күліп, бар арамдығын сыртынан жасау, кісінің ту сыртынан қанжар сұғу, сын сағатта досты тастап кету, сатып кету, атақ үшін, қызмет үшін бастықтың туфлиін жалау, тендер үшін әкім-қаралардың артына кіру қолымнан келмейді. Уот тәк!!!", дей келе сөзін мына бір сөзбен қорытындылады:
"Адамдар өз болмысын жасыру үшін мәдениетті болуды ойлап тапқан". (Ф.Ницше)