Сәулетші Норман Фостерге ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілді

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлайды.

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру туралы» Жарлық

 «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы» 2001 жылғы 5 шілдедегі  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Сәулет өнерін дамытуға, бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін сәулетші Норман Фостерге 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілсін.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Президенті                                                                                      Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2014 жылғы 12 желтоқсан