"Саусақ іздері мен тәнімдегі жарақаттар тексеріліп жатыр”: Ауыт Мұқибекті зорламақ болды деген Ақниет тың жаңалықтармен бөлісті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Желіні шулатқан продюсер Ақниет Ияр мен ақын Ауыт Мұқибектің арасындағы оқиғаның соңы немен аяқталмақ және қазір іс қалай жылжып жатқаны жайлы жәбірленушінің өзі айтты.   

"Қазіргі уақытта менің телефонымды (саусақ іздерін) тексеруге алды. Оны соттың шешімінсіз қайтармайды, жазбалар сол жерде болатын. Дәл қазір басқа нөмірлі ескі телефонмен жазып отырмын. 

Қазір менің денемдегі жарақаттарды тексеруге келді. 

Түнде ағам келген соң, көзбе-көз екі жақты бір мезгілде беттестіру болады. Ол адамды көретін шығармын, бірақ ол кездегі жағдайымның қалай болатынын білмеймін", деп жан-сырын ақтарды.

- Мұндай жағдайларға көз жұмып қарауға болмайтнын қашан түсінер екенбіз. Ештеңе болмағандай бәріне көз жұмып қараймыз. Кешегі қаңтарда болған жағдай бәрімізге көп нәрсе үйретті, деп ашына жазды Ақниет. 


Ақын Ауыт Мұқибек "Жала деп те айтуға болады. Бір жағы еркелігі де шығар. Отбасының деңгейіндегі ұсақ әңгіме ғой бұл. Мен ондай әрекетке баратын адам емеспін. Өзім де кішкентай қыз тәрбиелеп отырмын. Төрт жарым жаста", деп жауап берді  Экспресс К басылымына берген сұхбатында. 

https://instagram.com/aknietiyar?utm_medium=copy_link