Саябаққа заңсыз кірген АҚШ тұрғыны ыстық қайнарға құлап күйіп қалды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы qazaqstan.tv -ға сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 12 мамырда болған. Саябақ қызметкерлерінің айтуынша, әйел қайнардың жанында суретке түсуге талпынғанда тепе-теңдік сақтай алмай, құлап кеткен. Денесін күйік шалғанына қарамастан ол жағаға өзі шығып, автокөлігімен саябақтың солтүстік бөлігіне барған. Сол жерде ұсталып, тікұшақпен Шығыс Айдахо медицина орталығына жеткізілген.

АҚШ-тың Йеллоустон ұлттық саябағы коронавирус салдарынан 24 наурыздан бері жабық тұр. Оның қашан ашылатыны әзірге белгісіз, әйтсе де саябақ аумағына заңсыз кіру оқиғалары азаймай тұр.