Саясаткер Әміржан Қосановтың анасы қайтыс болды

Қазақстан президенттігіне үміткер болған Әміржан Қосановтың анасы қайтыс болды. Қаралы хабар саясаткердің Facebook-тегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Caravan.kz порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қосанов парақшасында жас кезіндегі "Жаратқанға жалбарыну" деген өлеңінен үзінді келтіріпті:

"...Екінші тілек – дара шын,
Құлдықты сала сұраймын:
Аман болсын анашым -
Аққызы Нағашыбайдың", -деп жазыппын.
Бүгін менің сол тілегімді Жаратқан ием ұмытып кетті...", делінген жазбада.

Еске сала кетелік, саясаткер және қоғам қайраткері Әміржан Қосанов 2019 жылы өткен президенттік сайлауға қатысты.


Zakon.kz редакциясы Әміржан Қосанов пен оның отбасы қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айтады.