Саясаткер: Үкіметтегілердің президенттің тапсырмасынан кейін қазақша сөйлегенін көргенде қаным қайнайды


Тұрғындарымыз қай тілде сөйлесе де өз құқы, ал мемлекеттік қызметкерлер ресми жиындар мен кездесулерде, есеп беруге шыққанда тек қазақ тілінде ғана сөйлеуге міндетті,-дейді ол, деп хабарлайды 31 арна.   

“30 жылдан кейін барып Президенттің осыны айтуы, осыны айтқызуға жеткізген солардың өзі – мемлекет қызметкерлер. Сондықтан шындығында да бұл үлкен ұят. Президенттің айтқанына байланысты сөйлеген деген сөзге менің өз басым, ішім бір қайнап кетеді. Себебі мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі. Оны сөйлеу және оны дамыту мемлекеттік қызметкерлердің басты міндеті”, – дейді сасаткер Дос Көшім.