"Қазір партияларды қаржыландыру мәселесі көтерілуде. Біздің пайымдауымызша, бұл мәселе басқа заңдарда жан-жақты дәйтектелуге тиіс, өйткені , оған қатысты сұрақтар көп", - деп мәлімдеді бүгін мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінде өткен "2008-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасының тұсаукесері барысында экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі Марат Құсайынов.
"Бұл мәселені Бюджеттік кодекске енгізу үшін, біз қандай партиялар қалай қаржыландырылатындығына қатысты айқын норма енгізуге тиіспіз", - деді ол. Вице-министрдің айтуынша, "заңнамалық деңгейде шешімін табуға тиіс мәселелер өте көп".
"Тиісінше, осындай заң жобалары қаралған кезде біз тиісті бюджеттік бағдарламаларды қарастыратын боламыз", - деді М. Кұсайынов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті