Саяси партиялардың телесайысы "Хабар" телеарнасында 10-тамызда өтеді

"Оныншы тамыз күні сағат 18-де "Хабар" республикалық телеарнасының эфирінде партиялық тізімін ұсынып отырған саяси партиялардың саяси пікірталасын ұйымдастыру ұсынылып отыр",- деп хабарлады отырыста сөз сөйлеген Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен.

Сондай-ақ Л. Сүлейменнің хабарлауынша, дебаттар үш раундтан тұрады: "Жаңа Қазақстан - әлеуметтік мемлекетке және бәсекелес экономикаға қадам", "Қазақстанның саяси дамуы мен демократиялануы", "Партия төрағаларының сайлаушыларға жолдаған үндеуі". "Әрбір раундта саяси бағдарламаны, сайлау алдындағы бағдарламаны ұсыну және өз әріптестеріне сұрақ қою мүмкіндігі беріледі",- деп түсіндірді Л. Сүлеймен.

Партиялар "Хабар" телеарнасының студиясында тікелей телесайыс алдында жеребе тастайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті