"Қазақстанның пікірінше, саяси және азаматтық құқықтар арасында зерделі тепе-теңдік болу керек, ал екінші жағынан экономикалық , әлеуметтік, мәдени құқықтарға қолдау көрсетілуі керек. Қазақстан Республикасы құқық қорғау механизмдері бұдын былай дамытылып, нығайтылады деген үмітпен адам құқығы жөніндегі кеңес құруды қолдады ", - деді М. Тәжин.
Министр атап өткеніндей, соңғы уақытта әлем халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа кері әсерін тигізіп жатқан елеулі өзгерістерге тап болды. " Біз жаңадан пайда болып жатқан қауіп- қатерлердің куәгерлері болып табыламыз. Сондықтан халықаралық қауымдастық оған тиісті жауабын беруі тиіс. Жаһандық лаңкестік қаупі, түрлі ксенофобиялар мен адам құқығын таптау, табиғат апаттары, ішкі текетірестер, ВИЧ/СПИД дерті, босқындардың мәселесі, әйелдер мен балалардың саудасы адам құқығы мен бостандығына әкерін тигізуде. Сондықтан адам құқығы жөніндегі кеңес бұл мәселелерге жіті көңіл бөліп, тиімді жұмыс жасау керек ", -деп есептейді ҚР СІМ басшысы.
Министр атап өткеніндей, адам құқығын сыйлау, жалпы адам құндылықтары, оның бостандығы " баршаның болашақ қауіпсіздігі және алға басудың негізгі факторлары болып табылады". "Қазақстан тұлғаның бостандығы мен оның құқығын қорғау саласы бойынша халықаралық қоғамдастықтармен қарым қатынастар жасау үшін ұдайы ашық", - деп атап өтті ол.
М. Тәжин мәлімдегеніндей, "Қазақстан адам құқығы жөніндегі Бас комиссар басқармасының қорғалмаған адамдар тобы мен құқық қорғау талаптары мен қағидаларын жетілдіру жөніндегі барлық қызметіне қолдау көрсетеді".