«Сазген сазы» Түркияның бес қаласында өнер көрсетпек


«Сазген сазы» түріктің өнерсүйер қауымына Құрманғазының, Қазанғап пен Нұрғиса Тілендиевтің күйлерін орындап, Шәмші Қалдаяқов пен Әсет Бейсеуовтың үздік әндерін сүйемелдеді.

Ал Абай атындағы Опера және балет театырының белгілі әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлзат Дауырбаева қазақтың халық әндері мен түбі бір түркі жұртының танымал шығармаларын шырқады. 

«Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі Түркияның бес қаласында өнер көрсетеді. 

Одан кейін гастрольдік сапар Еуропа елдерінде жалғасын таппақ.