Сбербанктің қазақстандық еншілесі 15 млн теңгеге жас кәсіпкерлердің жобаларын қаржыландырмақ


Ақша "Startup "Bolashak" конкурсында жеңіске жеткен жас кәсіпкерлердің жобаларын қаржыландыруға жұмсалмақ.
Ынтымақтастық туралы меморандумға Қазақстандағы Сбербанк басқармасы төрағасының орынбасары Елдар Теңізбаев және "Болашақ" қауымдастығының төрағасы Қуандық Бішімбаев қол қойды.
Ұлттық банктің деректеріне қарағанда, бұл банк 2014 жылдың нәтижелері бойныша активтерінің көлемі жағынан республиканың 38 банкі ішінде бесінші орынға ие болды.