SCAT әуе компаниясы Астанадан Челябі мен Томскіге тікелей рейстер ашты

деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметінен.

"2014 жылдың 1-маусымынан бастап алғаш рет SCAT әуе компаниясы халықаралық Астана әуежайынан Челябі мен Томскіге тікелей рейс ашып отыр. Рейстің жиілігі Томскіге аптасына бір рет дүйсенбіде және Челябіге аптасына екі рет, сейсенбі және жексенбі күндері, ұшу үшін CRJ-200 әуе лайнері пайдаланылады", делінген хабарламада.

SCAT әуе компаниясы Қазақстанның ірі әуе тасымалдаушыларының бірі. Оның әуе кемелері паркінде батыста шығарылған 17 ұшақ бар, оның ішінде 7 Bombardier CRJ-200, 4 - Boeing 757, 6 - Boeing 737, бір ЯК-42 және 23 – Ан-24.