«Қону барысында ұшақ ұшу-қону алаңының қапталындағы қауіпсіздік жолағына шығып кетті. Абырой болғанда экипаж ұшақты тұраққа қарай бұрып үлгерді», - деп хабарлайды SCAT әуе компаниясының PR-бөлімі.
Жолаушылар зардап шеккен жоқ. Ұшақ дін-аман. Оқиға себептерін арнайы комиссия анықтап жатыр.
Әуе компаниясының хабарлауынша, Алматы-Өскемен бағытына қатынайтын DV-725 рейсі кестеге сәйкес ұшып кеткен. Кері рейс кейінге шегеріліп, жолаушыларға билет құны толық қайтарылды.