SCAT компаниясының ұшағы Ыстамбұлға кешігіп аттанды

«Бұған әуе кемесінің навигациялық жүйесінің істен шығуы себеп болды», - деп хабарлайды ІІМ Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен.

Хабарламаға сүйенсек, кесте бойынша ұшақ Шымкенттен кешкі сағат сегіз жарымда ұшып кетуі тиіс болатын. Алайда, лайнер түнгі 23:39-да ғана аттанып кетті.

Ұшақ бортында экпиаждың бес мүшесі мен 102 жолаушы болған. Қазір аталған фактіге қатысты жан-жақты тексеру жүріп жатыр.