Scat ұшағы елордалық әуежайда апаттық жағдайда қонды

Бортта экипаждың 5 мүшесі мен 42 жолаушы болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентітігі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Минералды сулар (Ресей) – Нұр-Сұлтан хабарламасындағы DV834 борты сәтті қонған. 

Перронда ұшақты өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметтері, жедел жәрдем көліктері күтті. Соның салдарынан чартерлік рейстердің бірі және «Эйр Астананың» КС 280 рейсі қосымша аэродромға жіберілді. 

Сонымен қатар FlyArystan әуекомпаниясының КС 7056 рейсі бөгелді. Қазіргі уақытта елордалық әуежай штаттық тәртіпте жұмыс істеуде. 


Апатты жағдайда қону салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.