Себастьян Феттель қатарынан тоғыз рет жеңіске жетіп әлемдік рекорд орнатты

Ол осымен тоғызыншы рет қатарынан үздік саналып, жеңіс саны бойынша әлемдік рекорд орнатты. Бұл тұрғыда ол 2004 жылдан бері сақталып келген әйгілі Михаэль Шумахердің рекордынан асып түсті. Аты аңызға айналған М.Шумахер қатарынан жеті жарыста алдына жан салмаған болатын.

Автожарыстағы екінші және үшінші орындар Марк Уэббер мен Фернанду Алонсоның еншісінде.