Седов ҚР чемпионаты кезіндегі қылығы үшін халықтан кешірім сұрады

«Бұндай психикалық ауытқушылықтар спортшыда жиі болып тұрады. Бәсекеге төзе алмайды. Айналадағының бәрі кінәлі. Оның ашуы кенеттен пайда болады. Оны бақылап, қашан болатынын болжау мүмкін емес. Оны дайындықтан және  Рио-де-Жанейро Олимпиадасына қатысудан шеттейміз. Спортшы мұндай психикалық жағдайымен еліміздің намысын қорғай алмайды. Олимпиадада осы қылығын қайталаса, Қазақстанды жерге қаратады»,-деді ҚР ауыр атлетика бойынша бас бапкері Алексей Ни, деп хабарлайды Sports.kz -ға сілтеме жасап 
stan.kz
cайты.  

Еске сала кетсек, кеше Седов жарыс кезінде футболкасын шешіп лақтырып жіберіп, "міне сендерге чемпион" деп айғай салған болатын.