деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің баспасөз қызметі.
Турнир 4-6 қаңтар күндері Беларусь елінде Гомель мұз айдынында өтті. 2003 жылы туған балалар арасында болған жарыста ең үздік хоккей командасы атағы үшін Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина, Латвия мемлекеттерінің жас спортшылары күш сынасты.
Додадада Сергей Козлов жаттықтыратын қазақстандық «Барыс» командасы жақсы ойын өрнегін көрсете білді. Шайбалы хоккейдің жас шеберлері турнирде тек бір рет - «Ястреб» командасына есе жіберіп, «Витебск» пен «Гомель» командаларымен өткізген ойындарда 4:4 есебімен тең түсті. Латвиялық «Металлург» командасын 5:0, украиналық «Сокол» командасын 5:1 есебімен жеңді. Қола медаль үшін болған кездесуде «Барыс» ұжымы «Витебск» командасымен қайта кездесті. Жарыс қожайындарымен өткізген матчта қазақстандық хоккейшілер 4:3 есебімен жеңіске жетіп, үшінші орынға қол жеткізді. Сонымен қатар турнирдің ең үздік қорғаушысы болып астаналық Медет Сапарбек атанды.
Ақтық сында Беларусь пен Ресей командалары бақ сынасты. Алтын медаль үшін болған тартыста мәскеулік «Ястреб» командасының күші басым түсіп, «ЖелДор» кубогін қанжығасына салды.