Сэй Мо: Шакенти екеумізді ажырастырған бұрынғы енеме алғыс айтамын

Бұл туралы ол "Мискузи Боул" арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.

"Наурыз айында алғаш рет қатты ұрсып қалдық. Көңілім түсіп қалды. Бір фото тауып алдым, бірақ ол кездегі аңғал Моля оны ақтап, кешіре салды. Ол: "Иә, мен жезөкше шақырдым. Бірақ ол келген кезде есімді жиып, бара бер дедім" - деді. Суретті оған жіберген", - дейді Сэй Мо.

Сэй Мо үйлену туралы ұсынысты қабылдағаннан кейін де, мешітте неке қидырған сәтте де Шакентимен ұрысып қалғанын, сол кезде-ақ қарым-қатынасты тоқтату туралы ойлаған. Алайда нақты шешімге келе алмаған.

"Мен ол қызды аяймын. Шынайы бақытты бола алмады, барлығын жұтып, көніп жүре берді. "Ертең бәрі жақсы болады" деп сеніп жүре берді, - дейді Сэй Мо өзі жайлы.

Бүгінде әнші қыздың бұрынғы жұбайына алғыстан басқа айтары жоқ. Себебі Шакенти берген өмірлік сабақтың арқасында бүгінгі күйге жейттім, дейді өзі.

"Ажырасқаннан кейін дами бастадым. Психологтар, кітаптар, ретриттер. Соның барлығы мені бүгінгі қалпыма алып келді. Барлығы сол адамның арқасында. Ол мен үшін үлкен сабақ болды.

Құдай мені қатты жақсы көреді, деймін. Құдай менің есімді жидырту үшін мықты шапалақ берді. Мен ондай қарым-қатынаспен осы күнге де жетпес едім.

Біздің қарым-қатынасымызды тоқтатқаны үшін бұрынғы енеме шын жүрегіммен алғыс білдіргім келеді. Психолог маған мұны айтқан кезде, қарсыластым. Менің түсінгенім, ол әйел адам болмаса, мен әлі күнге дейін сол адаммен бірге тұрар едім.


Мен оны неге жарияладым? Себебі жарияласам, оның қайтып келмейтінін білдім. Ал егер шығармасам, екеуміз әлі де бірге тұрар едік. Маған керегі сол болды. Ол ақымақтық болғанын түсінемін. Мен оны қаншама рет кешірдім, бұл жолы да кешіре салар едім. Себебі ақтап алар едім. Артқа жол жоқ екенін түсіндім", - дейді Сэй Мо.

Әнші жеке өміріндегі жағымсыз жайтты Instagram-да жалпақ жұртқа жариялап, сырт көзге қамсыз көрінгенімен, шынайы өмірде қиналғанын айтады. Өміріндегі алғашқы психологқа да осы оқиғадан кейін барыпты.

"8 сағат алдында отырдым. Психологтан келгеннен кейін, өзімді аямай келгенімді түсіндім. Эмоциямды шығара алмайтынмын. Есікті жауып, өкіріп жыладым. Ажырасудан кейін алғаш рет ұйықтадым.

Психологқа барғаннан кейін, өзімнің шын мәнінде қандай екенімді түсінген сияқтымын", - дейді Сэй Мо.