СЭС балалардың фонтанға шомылуына тиым салды

Қала әкімдігі фонтанға түсушілерге айыппұл салуға да  дәрменсіз болып отыр. Өйткені, ол үшін заңда еш жаза қарастырылмаған. Ал, маңайға ескерту тақтайшасын ілсе де, астаналықтарды су маңынан шығара алмай әлек. СЭС мамандары субұрқақ суының құрамы айына 1 мәрте сараптамадан өтіп тұратынын айтады. Құбырлары күнде тазартылғанымен, шомылауға арналмаған екен. Алайда ата-аналар өздерімен бірге балаларын шомылдыруға әуес. Салдарынан фонтанда тайып жығылып, түрлі жарақат алу қаупі бар деп отыр.


Марал Рақымжанова, ҚР Тұтынушылар құқын қорғау агенттігі, СЭҚД директорының орынбасары :

-Фонтан суына шомылуға болмайды. Ол ағын су емес.Судың иісі шықпай, тот басып, көк балдырлар қаптап кетпес үшін түрлі химиялық заттар қосылып отырады. Ал, ол адам терісіне өте қауіпті.