"Денсаулық сақтау жүйесін жаңалау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында зертханалық тексерулердің басым бөлігін аудандарға өткеріп беруге баса назар аударылады. Ол үшін бағдарлама жобасында 2010-жылға дейін аудандық және облыстық санэпидстанциялардың зертхана қызметін дамыту үшін жабдықтар сатып алуға 7,7 млрд. теңге қарастырылған",- деді А.Белоног. Сондай-ақ, оның айтуынша, "зертханалық тексеру функцияларының бір бөлігін бәсекелі ортаға беру де жоққа шығарылмайды". "Бұл аяға әрине, диагностикалық, токсикологиялық, радиологиялық, вирусологиялық зерттеулер мен аса қауіпті жұқпалы ауруларға қатысты зерттеулер қамтылмайды",- деді вице-министр.
Сондай-ақ, "бағдарлама жобасына сәйкес құрт ауруы және жаныс жолымен жұғатын аурулар сынды күрделі аурулар мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің құзырында болады",- деді А.Белоног.
"Бағдарламада мекемелік бағынышты және бақылаудағы органдармен жұмыста қатал әкімшілік қадағалудан гөрі тәрбиелік немесе оқыту процестеріне ден қоюға бағытталған бірқатар шаралар көзделіп отыр". "Яғни, шағын және орта бизнес өкілдерімен, азық-түлік және өнеркәсіп өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың басшыларымен жұмыс істеу, су қамтамасыздығы көздері мен басқа да бақылаудағы нысандарда тиісті деңгейде тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстары енеді",- деді А.Белоног.