Бұл туралы "Чосон ильбо" газеті жазады, деп хабарлайды ТАСС.
Оның мәліметінше, әлі күнге дейін із-түзсіз жоғалған болып есептелетін тоғыз жолаушының жанұясы биліктің мұздай судың астында жатқан паромда іздестіру жұмыстарын жалғастыру мүмкін емес деген пайымымен келісті.
Су астындағы іздеу жұмыстарына тартылған жеке компаниялардың қызметкерлері жұмысты тоқтатып, 2 мұхит баржасын алып шығуға бел буды. Бұл баржаларсыз Оңтүстік Кореяның әскери-теңіз күштерінің және жағалаудағы күзет қызметінің сүңгуірлерінің іздеу жұмыстарының тиімділігі төмендейді.
Билік өкілдері жеке компанияларды іздестіру жұмыстарын жалғастыруға көндіре алмады. Фирма басшылықтарының айтуынша, ендігі іздеу жұмыстары нәтиже бермейді, деп жазады басылым.
Естеріңізге сала кетейік, бортында 476 жолаушысы мен экипаж мүшелері бар «Севол» кемесі 16 сәуір күні Корей шығанағының оңтүстік-шығыс бөлігінде батып кеткен болатын. Құрбан болғандар саны 295 адам, ал тағы 9 жолаушы әзірге із-түссіз кеткендер санатында.