Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
"Менде үкімет тарапынан ондай атақтарым жоқ. Мақпал апамыз дұрыс айтады ондай нәрсені сұраудың қажеті жоқ. Мен оған мүдделі емеспін, өзімді солай сезінемін. Ондай еңбек сіңірген қайраткерлер, облысқа барсаң филарманонияның әншілерінде толып жатыр. Халық білмесе де, өз өңірінің әншілерінде бар. Сондықтан ондайларға көбірек беру керек деп ойлаймын. Аз танитын әншілерге беру керек. Сәл де болсын пайдасы тиер деп ойлаймын", - деп айтты Сейфуллин Жолбарыс.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандық және ресейлік әнші Анатолий Цой Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алуға әбден лайық екенін айтып, ол үшін президентке хат жазатынын хабарлаған болатын.