Сейсенбі күні Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына қос жолдама ойнатылады

Мәскеу уақыты бойынша сағат 20:00-де Бразилиа қаласының Ұлттық стадионында Франции және Нигерия құрамалары ширек финал жолдамасын сарапқа салады. Матчқа америкалық судья Марк Гейгер төрелік етеді.

Сейсенбіге қараған түні  Мәскеу уақыты бойынша сағат 02:00-де Германия мен Алжир құрамалары арасындағы ойын басталады. Матч Порту-Алегридегі Бейра-Рио алаңында өтеді. Ойынға бразилиялық төреші Жозе Пинейро Борда төрелік етпек.

Қос матч жеңімпаздары ширек финалда кездеседі.


Бұған дейін ширек финалға Бразилия, Колумбия, Голландия және Коста-Рика құрамалары жолдама алған болатын.