Секс шуға себепкер болған көкшетаулық теміржолшы қызметінен қуылды

Бурабай теміржол станциясының 90 қызметкерінің басшыларына қарсы шыққанын күні кешке көрсеткенбіз. Айтуларынша, Жадырасынов теміржолшылардың ар-намысына тиіп, тіпті жеке шаруасына жеккен. Бұл аздай, қызметтік моншада жеңіл жүрісті әйелдермен көңіл көтеретін көрінеді. Бастығының қырғидай тигенінен шаршаған азаматтар оның қызметтен кетуін талап еткен. Курортты аймақтағы теміржолда ши шыққаннан кейін оны арнайы комиссия тексеріп, көп былықтың бетін ашты.


Ержан Хасенов, «Қазақстан темір жолы» АҚ Ақмола жол бөлімшесі филиалының заңгері:

-Ақмола жол бөлімшесі филиалы директорының бұйрығы бойынша Бөгенбай Жадырасыновпен жасалған келісім-шарт бұзылды. Бұған жүктелген  міндеттерін тиісті атқармағаны, іскерлік этиканы сақтамағаны және жұмыс беруші мен ұжымның сенімінінен айрылғаны себеп.