Сексен жасқа келген астаналық жұп некеге тұрды

Бұл туралы ru.sputniknews.kz хабарлайды, деп жазады stan.kz.

“Иә, неке бізде әртүрлі жаста тіркеле береді. Мысалы, бүгін 1936 жылы туған азамат пен азаматша некелесуге өтініш берді. Олар 90 жылдары ажырасып кетіп, кейін қайтадан бірге тұра бастаған”, – дейді Сарыарқа аудандық АХАЖ қызметкері Бақытгүл Шәйкенова.

“Біз 30 жыл бірге тұрып, кейін ақымақтықпен ажырасып кеттік. Бүгін некелесуге өтініш беріп отырмыз. Балалар да қуанышты. Олар атап өтуге дайындалып жатыр. Бүгін бізде дастархан жайып қонақ күтетін боламыз”, – деді Николай ақсақал.


Сондай-ақ, қария жастарға деген өз ақылын айтуды ұмытпады.

“Жастар, ұсақ-түйекке назар аудармаңдар. Бір-біріңді алдамаңдар. Кейін сол үшін өкінетін боласыңдар. Бір-біріңе деген түсіністік пен сенімді сақтауға тырысу керек. Ешқашан ұрыспаңдар”, – дейді ол.